Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдықтардың тамақтан улану себебі анықталды

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2016
  • 3201

Оралда адамдардың жаппай тамақтан улануына дәмхана аспазы кінәлі деген болжам бар. Бұл туралы қалалық тұтынушылар құқын қорғау басқармасының басшысы Мәдениет Танауов айтты. Оның сөзінше, ас дайындайтын құрал-жабдықтардан сальмонелла жұқпасы табылған. Ал тамақ әзірлеген аспаздың өзі осы ауруды жұқтырып, басқаларға таратқан болуы мүмкін. Енді оның ісімен тергеу органдары айналысады. Ал ауруханаға түскен 29 адамның 28-іне "сальмонеллез" диагнозы қойылған. Қазір олар ауруханадан шығарылды.

Мәдениет Танауов, Орал қалалық тұтынушылар құқын қорғау басқармасының басшысы:

Аспаз туралы айтатын болсақ, медициналық құжаттары болмаған, аспаздық квалификациясы болмаған, медициналық құжаттары жоқ. Сол аспаздың соңғы анализдерінен сальмонелла энтеритидисі шықты.

9 қарашада Оралда 29 адам тамақтан уланып ауруханаға түскен еді. Кейін дәмхананың еш жерде тіркелмегені, тіпті қоғамдық тамақтану орнына лайықтап салынбағаны анықталды. Ал иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ірі мөлшерде айыппұл салынады. Тамақтан уланған азаматтар дәмхана қожайынын сотқа бермек.