Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда жүргізуші көлікте отырып есірткі қолданған

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2023
  • 581

Түркістанда көлікте отырып, есірткі шеккен ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап. 

Кезекші топ бұл дерек туралы патрульдік полицейлерге хабарлаған. Тәртіп сақшылары жүргізушінің кім екенін анықтаған. Ол Түркістанның тұрғыны болып шыққан. 

"Тексеру кезінде ер адамнан есірткіге ұқсас нәрсе анықталды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіюерілді", - делінген хабарламада.  

Ал сараптама қорытындысы бойынша, есірткі заты "марихуана" болып шыққан. 

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.