ҚР Туризм және спорт министрлігі Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидасына өзгеріс енгізді.
Құжатта туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде ставка қолданылатыны жазылған.
Қазіргі уақытта орналастыру орындарында туристік жарнаға 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейін (690 теңгеден 1726 теңгеге дейін) тіркелген мөлшерлемелер қолданылады.
Сондай-ақ қағидадан туристер ағыны көбейген немесе азайған жағдайда тарифтерді көтеруді немесе төмендетуді көздейтін тармақтар алынып тасталды.
Бұйрық жобасы 6 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
20 қазанда Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туристік салықты (bed tax) тоқтату туралы шешім қабылданғанын, мұндай шешім қабылдауға бұл төлем отандық бизнеске де, келетін шетелдік туристерге де қолайсыздық туғызатынын себеп болғанын хабарлады.