Мұқағали
Мақатаевтың шығармашылығын сүйетіндер үшін жаңа жинақ жарыққа шықты. Ақынның жауһар жырлары мен өмір жолындағы
бірқатар тың зерттеулер үлкен энциклопедияға топтастырылған. Көрсе көз
тоятындай әсем безендірілген энциклопедия отыз баспа табақты құрайды. Бұған
дейін мұндай анықтамалық ғылыми басылымдар
Абай, Жамбыл жəне Қаныш сынды тұлғаларға арнап басылған екен. Алайда
олардың ауқымы бүгінгі жинақтай көлемді емес еді, дейді баспагерлер.
Ақиық
ақынның мыңнан астам өлеңі ғылыми тұрғыдан зерделеніп, Мұқағали шығармаларына
ғалымдардың көзқарасымен түсініктеме берілген. Бұл жинақ сонысымен құнды.
Жазушылар одағында энциклопедияның
тұсауы кесілді. Бұл еңбекке «Мұқағали Мақатаев атындағы қор» мұрындық
болған. Тиражы 3 мың даналық жинақ
кітапханаларға таратылады. Артылғаны кітап дүкендерінде саудаланбақ.
Таңатқан
Рысаев, энциклопедист-жазушы:
Зиялы
қауым, ақын-жазушы, сыншылардың күшін
пайдаланып, осы кітапты шығардық. Басты
тақырып - Мұқағали өлеңдері. Ақын 1000-нан астам өлең жазған, дастандарын
қоспағанада. Оның бір де бірін қалдырмай, бәріне түсініктеме берілді.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ