Тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символы саналатын Республика күні биыл екінші рет ұлттық мереке ретінде атап өтілуде. Егемендік декларациясының мән- маңызы еліміздің түкпір-түкпірінде насихатталып жатыр. Танымдық сабақтар, салиқалы кездесулер, концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар мен түрлі көрмелер ұйымдастырылған. Шалғай аймақтардағы мерекелік көңіл-күйді тілшілеріміз жеткізеді...
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Атырауда күн бұлтты болғанымен, мерекелік көңіл-күй ерекше. Республика күніне арналған тағылымы мол түрлі шаралар бір аптадан бері өтіп жатыр.
Кезінде Гурьев атымен құрылған облыс тәуелсіздік алған соң 1992 жылы Атырау боп өзгертілді. Содан бері қарышты дамып, келбеті елмен бірге түледі. Жылдар салған із Шаймардан Сариев атындағы облыстық өнер музейінде «Мәңгілік жаса, Қазақстаным» көрмесінде жаңғырды. Жергілікті суретшілердің туындылары тарихтан сыр шертті.
Аида ДҮЙСЕНҒАЛИ, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:
Басты мақсаты – өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту және музей қорындағы туындыларды насихаттау болып табылады. Көрмеде Астанамыз – бас қаламыздың бейнесі бейнеленген картиналар, Атырау қаласының көрікті жерлерінің бейнесі бей неленген, жұмыстар қойылған. Мектеп оқушыларынан, студенттерден қызығушылығы көп. Олар музейге келіп рухани даму үстінде, әрбір шараға қатысу арқылы олар неше түрлі мағлұмат, білім алады.
Рухани шаралардан бөлек, қалада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда жергілікті өнім нарық бағасынан төмен бағада сатылуда. Әсіресе, етке сұраныс жоғары. Сөреге қояр-қоймастан алып кетіп жатыр.
Ғалымжан ЖАЙЛЫБАЕВ, ТҰРҒЫН:
Жәрмеңкені есітіп, Балаусадан келіп тұрмын. Ет алайын деп, еттің бағасы қалай екен , базарға қарағанда деп. Базарда еттер деген 2800-3500. Мында жақсы бағасы 2300ден алып тұрмыз жұмсағымен араластырып. Республика күні ғой. Мереке құтты болсын!
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Республика күніне арналған басты шара ертең өтеді. Егемендігіміздің мызғымас белгісі көк байрағымыз 91 метрлік Ту тұғырына көтеріледі. Ал Қызылордада қандай шаралар болып жатыр? Сөз, сенде Мөлдір..
Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Иә, Базаргул Қызылордада ұлттық мерекені тойлау бірнеше күн бұрын басталып кетті. Қала көшелерінен ерекше көңіл-күй, тамаша атмосфераны сезуге болады. Тұрғындар балкондарына мемлекеттік туды іліп, өздерінің рәміздерге деген құрметін білдіруде.
Дінислам ИБРАГИМОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Республика күніне орай өзімнің балконыма, өзіміздің рәміз, көк туымызды іліп желбіретіп қойған жайымыз бар. Ол өзіміз патриоттық сезімімізді, Отанға, республмкаға деген махаббаттық сүйіспеншілігімізді білдіреді. Сол себепті барлық қала тұрғындарын, осындай акцияға дейміз ғойғ осындай патриоттық сезімді оятуға шақырамыз.
Жалпы қалада бір емес, бірнеше көшеден тудың үйлерде ілініп тұрғанын байқауға болады. Мұндай бастамаға қала тұрғындары дән риза. Елдігімізді айшықтайтын ұлттық мерекеміздің ерекше сипат алуы көңілге қуаныш сыйлайды дейді олар.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Ілініп тұрған туларды көріп балам қуанып, Қазақстаным деп қуанып жатыр. Балабақшада да елтаңбаны, туды қолдарына алып гимн айтып, өлең айтып мерекелік іс-шараларын өткізді. Еліміз аман, жұртымызтыныш болсын. Балаларымыз бақытты болсын.
- Амандық тілейміз. Деніміз сау болсын. Елімізде тыныштық болсын
- Партиоттық тәрбие береді, байрақтың жоғарыда тұрғаны. Адамның көңілін көтереді. Асқақтатады биікке. Бейбітшілік, тыныштық, аманшылық, береке бірлік, халықтың жағдайы жақсы болсын.
Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Қалада мерекеге орай өтетін негізгі салтанатты жиын мен ту көтеру рәсімі ертеңге жоспарланған. Биыл негізінен ғылыми-танымдық, ағартушылық бағыттағы шараларға басымдық берілуде. Ал Ақтөбедегі мерекелік көңіл күй қалай? Оны әріптесім Бакыт Қазанғапқызы жеткізеді.
Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Республика күнін мерекелеуді ақтөбеліктер де бір жеті бұрын бастап кетті. Мұнда да көшелерге көк байрағымыз ілініп, басты даңғылдар безендірілді. Облыс көлемінде 350 –ден астам шара өткізу жоспарланған.
Мереке қарсаңында бір топ тұрғын баспаналы болды. «Нұр-Ақтөбе» мөлтек ауданынан тоғыз қабатты үйден әлеуметтік осал тобы санатына жататын 265 отбасыға пәтер кілті табысталды. Он жыл, он бес жылдан кезек күткен жандар, өз пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлауда.
Сағыныш БЕКТЕМІСҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
2010 жылдан бері кезекте тұрған. Анасы үш жасында қайтыс болған. Әкесі отказ жазып сондай себептер болған. Бүгін Алланың қалауымен ең бірінші Ақтөбе қаласы әкіміне рахмет. Осы квартираны алып отырмыз. Көп рахмет барлықтарыңызға.
Бүгін Барлық мәдени мекемелерде мерекелік концерттер өтуде. Жұртшылықтың көңіл күйі көтеріңкі.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Республика күні құтты болсын. Егеменді Қазақстан аман болсын. Осындай әділ Қазақстанның көркеуіне үлес қосуға тырысу керек. Құтты болсын!
- Республикамыз жайнай берсін. Осылай бейбітшілік заманда өмір сүре берейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Аспанымыз ашық болсын! Барлық адам бақытты болсын.
Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Негізгі шара ертең өтеді. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі болады. Түрлі концерттік бағдарламалар мен сауда жәрмеңкелері ұйымдастырылмақ.