Русский Сайттың толық нұсқасы

Жұмысшының еңбегін бағалап, марапаттау - біз үшін үлкен бақыт", - инженер

Еңбек адамы қашанда құрметке лайық. "AMANAT" партиясы Республика күні қарсаңында еңбегін ел мойындаған жандарға мемлекеттік наградаларды табыстады. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов шараға қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, маңыздылығына тоқталды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ұлытауда өткен құрылтайда Мемлекет басшысы осы атаулы мерекені қайта жаңғыртты. Тарихи ақиқат қалпына келді. Дәл осы күні Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған мемлекеттік Егемендік туралы декларация қабылданды. Міне, бүгінгі таңда Республика күні ұлтымыздың ынтымағын, халқымыздың береке-бірлігін паш ететін игі дәстүрге айналып отыр. Осы ұлық мереке қарсаңында еңбегін ел мойындаған азаматтар мемлекеттік және партиялық наградтармен марапатталды.
Марапат төрінен көрінгендер қатарында құрыш қолды құрылысшылар, ақ халатты абзал жандар, білгенін балаға үйретуден жалықпаған ұстаздар, кеншілер мен жұмысшылар бар. Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру бағытын жүзеге асыруға атсалысқан жандардың еңбегі елеусіз қалмады. "Құрмет" ордені, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" мемлекеттік наградалар табысталды. Сондай-ақ, өз саласының үздіктері "Белсенді қызметі үшін" партиялық марапатқа ие болды.

Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Мен үшін бүгінгі марапат, бүгінгі осындай құрмет үлкен мәртебе. Ойлап отырсам қоғамдық жұмыспен мектеп жасынан бастап айналысады екенмін. Сондықтан, менің азды-көпті еңбегімді бағалап, марапат ұсынып, құрметтеп отырған "AMANAT" партиясының басшылығына, бәріне үлкен алғысымды айтамын.

Тілектес ҚАРҒАБАЕВ, «ҚАЗФОСФАТ» ЗАУЫТЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-МЕХАНИГІ:
Енді, еліміздің экономикасы еңбектен басталады ғой. Еңбек саласында көптеген адамдар қызмет етіп жатыр. Солардың ерен еңбегін бағалап, жоғары деңгейде марапаттау біз үшін үлкен бақыт деп ойлаймыз. Еңбекпен шыңдалады ғой адам. Қайда барсаң да, қандай табысқа жетсең де бәрі еңбектен басталады.