Русский Сайттың толық нұсқасы

Заң бұзған Төреғали Төреәлінің талдауынан мефедрон табылғаны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2023
  • 1132

Отандық тележүргізуші Дина Төлепберген сарапшылардың басын қосып, әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты зерттеу жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талқылау барысында өнер иесінің адвокаты Эльнура Кішкенебаева Төреғалидің тәртіп бұзған күні есірткіге мас күйде болағынын жоққа шығарды. Алайда сараптамадан есірткінің бір түрі табылған.

“Оқиға болғаны күні бәрі жабылып Төреғалиді наркодиспансерге апарды. Бірақ жанында ешкім болған жоқ. Тест жасалған кезде Төреғалидің жанында тым болмағанда бір адам болу керек. Оның кіші дәретін алды. Бірақ кім біледі, ол кімнің кіші дәреті. Бізде тәуелсіз экспертиза жасауға үш сағаттай уақыт болды. Бірақ біз Төреғали Төреәлінің қайда екенін білмедік. Төреғалидің медициналық сараптамасының нәтижесі бойынша, кішкене қоспасы бар мефедрон табылды”, – дейді

Бағдарламаға келген психиатр, нарколог Санжар Тұрсынметовтың айтуынша, мефедрон – психикалық белсенді заттар. О баста ванна салатын тұз ретінде кіргізілген. Мақсаты – жастарды біртіндеп осы нірсеге тарту. Мефедронды пайдалану жүрек соғысының жиілеуіне, күйзеліске, көңіл күйдің болмауына алып келеді. Алматы жастарының басым бөлігі есірткінің осы түрін жиі пайдаланады.

Талқылау барысында адвокат Төреғалидің оқиға болмай тұрып бір күн бұрын бір емес бірнеше рет кальян шеккенін мойындағанын айтты.

“Көлік жүргізерден бір күн бұрын Төреғалидің кальян шеккені белгілі болды. Бір емес бірнеше. Қандағы бөгде зат сол нәрседен шығуы мүмкін деген болжам бар. Бізде сараптамалар тағайындалды. Психология, наркологиялық сараптама тағайындалып, есірткіге тәуелдігі бар ма, жоқ па секілді сұрақтар талқыланды. Сараптаманы қайта тағайындап біз Төреғали Төреәлінің есірткіге ешқандай тәуелділігі жоқ екенін анықтадық", - дейді Эльнура Кішкенебаева.

Айта кетейік, полицейлер Төреғали Төреәліні 14 маусым күні жол ережесін бұзғаны үшін ұстаған еді. Әнші өзін агрессивті ұстап, полицияға бағынбай, әдепсіз сөздер айтып, қамауға алынған жерінен қашып кетпек болған. Сараптамаға сәйкес, ол есірткілік масаң күйде болған.

Әнші 20 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Кейін полицияға бағынбағаны үшін қамауға алу мерзімі ұзартылды. Қыркүйек айының соңында әнші тағы да сотқа келді. Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды (Төреәлінің асырауында бес кішкентай баласы бар) ескеріп, оны 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды.