Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда мотошеруге қатысқандар бір сағат көк байрақты желбіретіп қала көшелерімен жүріп өтті

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2023
  • 539

Ақтауда 25-қазан Республика күніне орай мотошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Шараға 10-нан астам мотоцикл жүргізушісі қатысты. Мотоцикл жүргізушілері көк байрақты желбіретіп, 1 сағат көлемінде қаланы аралады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.

- Мотошерудің мақсаты - ұлттық мерекемізді ұлықтау, мемлекеттік туымызды насихаттау. Мотоцикл жүргізушілері «Ақбота» саябағынан бастап, 18-шағын аудан және теңіз жағалауына дейін көк байрақты желбіретті. Қала тұрғындары мен қонақтарын 25 қазан - Республика күнімен құттықтаймын!, - деді «Маңғыстау жергілікті бастамалар орталығы» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетова.