Русский Сайттың толық нұсқасы

25 қазаннан басап "Медеу-Шымбұлақ" жолы жабылады

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2023
  • 728

2023 жылғы 25 қазаннан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолындағы тас құлауының салдарын жою жұмыстары басталды. Жұмыс жүргізу кезінде автокөліктердің қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty_Joly Telegram-каналына сілтеме жасап.

Жоба шеңберінде аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту, беткейлерден топырақ пен тастарды түсіру және жинақтаушы тосқауылдарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Бұған шамамен 11 бірлік техника мен 50 адам тартылады.

Сонымен қатар тау шаңғысы курорты мен кәсіпорындарының қызметкерлері үшін өткізу режимінің кестесі жасалады. Қозғалыс туралы ақпарат әр ұйымның басшылығында болады.