Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстан TikTok-қа тыйым салу туралы шешімді орындауда техникалық қиындықтарға тап болды

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2023
  • 843

Қырғызстанда қытайлық қосымша TikTok-қа тыйым салып, бұғаттау мүмкін болмай тұр. Елдің Цифрлық даму министрлігі техникалық қиындықтарға тап болғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің өкілі Бектұр Ибрагимов ведомство әлеуметтік желіге тыйым салуға қатысты шешімін өзгертпегенін алға тартты.

"ТикТокқа тыйым салу туралы шешіміміз өз орнында. Оны жүзеге асырумен Цифрлық даму министрлігі айналысуы керек еді. Бірақ техникалық жағынан қиындықтар бар. Жұмыс әлі аяқталған жоқ", - деді Ибрагимов.

Ол әлеуметтік желі басшылығымен де келіссөздер жүріп жатқанын айтып, компанияның Қырғызстан талаптарын әлі орындамағанын жеткізді.