Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда 1 жарым жастағы бала дәріге тұншығып, көз жұмды

Екібастұзда 1 жарым жастағы бала дәріге тұншығып, көз жұмды. Оқиға қаладағы орталық ауруханада болған. Сәбидің ата-анасының айтуынша, бұған ақ халаттылардың салғырттығы себеп. Ұйықтап жатқан балаға медбике қатарынан 3 бірдей ине салған. Артынша дәріні күштеп ішкізу үшін мұрнын қысқан. Осы кезде сәби дәріге тұншығып, көз жұмған.

Дана ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:
Мен дәрігерге кетісімен, медбике балама ешбір нұрсқаулықсыз асқазанына су жіберіп, қақырығын тазалаймын деп зонт қойған. Енді біздің күдігіміз сол зонт асқазанға тікелей бармай, өкпе қуыстарды жауып, баланы тұншықтырып өлтірді деген тұжырымға келіп тұрмыз.
Бұл жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру бастады.

Гүлнәр ЖАРМАКИНА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Баланың туған өкпесі қабынған. Жүрегінде де ақау болды. Бұған дейін бернеше рет дәрігерлер көмегіне жүгінген болатын. Қазір баланың өліміне байланысты қызметтік тексеру басталды. Оның құрамына өңірдегі балалардың бас дәрігері бастаған бір топ медицина қызметкерлері кіреді. Осы оқиғадан кейін ауруханада жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр.