Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда аурухана тамағынан құрт шықты

Атырауда аурухана тамағынан құрт шықты. Кардиология орталығының емделушісі таңғы асқа берілген күріш ботқасынан құрт көріп қалған.

Видеода жәндік анық көрініп тұр. Авторы "жүрегімді емдеуге келіп, өзге бір ауруды жамап аламыз ба?" деп қорқынышын білдіреді. Ал аталған ауруханадағылар бұрын-соңды мұндай жағдай болмады,- деп азар да безер. Арнайы комиссия құрып, асхана мен қоймада сақтаған азық-түліктерді түгел қарап, еш зиянкес таппадық деп ақталды. Тіпті өзге емделушілермен сөйлесіп, олардың да байқамағанын айтып отыр.

Әйкерім МЕКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕР – ЭПИДЕМИОЛОГЫ:
Шағымда айтылған науқас тұтынған таңғы асында күріш ботқасының сынамасы алынған болатын. Сол сынамас ұлттық сараптамама орталығына тапсырылды. Қазігі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде. Органлептиксы тексерілді тағамның. 3-4 күндікте қорытындысы шығады. Әзірге белгісіз. Біздер ойлағанбыз алма құрты. Өйткені ол қораптардан, қаптардан , жармаларда сақталатын құртқа ұқсамайды.
Бірақ ол күні таңғы асқа алма берілмеген. Сондықтан болжам да негізсіз,- дейді. Видео авторы толық емін алып, ауруханадан бүгін шыққан. Бірақ дәрігерлер рұқсат бермеді,- деп, сұхбат беруден бас тартты.