Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Жетісу облысының туристік әлеуетімен танысты

Жетісу облысына соңғы үш жылда баратын туристер саны екі есе артқан. Нәтижесінде осы саладағы көрсетілетін қызмет 16 миллиард теңгеге өскен. Бұл туралы бүгін Президенттің Жетісу облысына жасаған сапары аясында айтылды. Мемлекет басшысы туристік-демалыс аймақтарына инженерлік-коммуникациялық желі жүргізіп, абаттандыру жұмыстарына басымдық беруді тапсырды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Жалпы, облыс бойынша туристік нысандар аз емес қой. Жеткілікті. Сондықтан оның бәрін дамытып, тиісті мән беріп. Жалпы облыстың басымдығы туризм болу керек. Неғұрлым адам көп келсе мына жерге облысқа да жақсы болады. Сондықтан облыстың әлеуеті өте үлкен деп ойлаймын.
Сапар аясында Президент көрнекті этнограф, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті. Содан соң, Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне барды. Онда Президентке ғалымның өмірі мен еңбек жолы, әскери қызметі және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер көрсетілді. Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.