Астанада түріктің ойшыл ақыны Юнус Эмреге ескерткіш қойылды. Тұлғаның тастан қашалған бейнесі Ататүрк саябағында бой көтерді.Салтанатты шараға жиналғандар ақынды еске алып, құрмет көрсетті.
Юнус Эмре -Қожа Ахмет Иасауидің жолын қуған сопылық мектептің негізін қалаушы, түрік ақыны. Бірақ, оның өмірі туралы нақты дерек жоқ. Алайда, ақынның жазып кеткен өлеңдері жұртшылық жадында сақталған. Түрік жұрты ойшылдың туындаларын жоғары бағалайды, оған деген құрметі ерекше.
Талғат РАХМАНБЕРДІ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Барлықтарыңыз білесіздер Түркия мемлекетінің біздің еліміздің тарихында алатын орны ерекше. Біздің тәуелсіздік алған жылы ең бірінші біздің тәуелсіздігімізді таныған осы Түркия мемлекеті болып табылады. Және де менің айта кетейін дегенім келесі жылдары Түркия мемлекетінің 100 жылдығымен қатар Түркия елінің астанасы Анкара қаласында 100 жылдығы. Анкара қаласы Астана қаласының бауырлас қаласы болып табылады. Біздің екі еліміздің байланысы мәңгі болсын дегім келеді.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мустафа Капуджи қатысты. Оның айтуынша, Түркияда да қазақтың ойшылдарына арналған ескерткіш, көше, саябақтар бар.
Мустафа КАПУДЖИ, ТҮРКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:
Биыл Түркия Республикасының құрылғанына -100 жыл. Біз үшін бұл- үлкен қуаныш. Біз үшін маңызды жылда осы Астана әкімдігімен, Қазақстан мен Түркияның ынтымақтасытығының арқасында Юнус Эмре ескерткішінің ашылып отырғанын біз мақтан тұтамыз. Бәріңізге көп рақмет!
Түркия Елшілігінің және Астана қаласы әкімдігінің атынан ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Айта кетейік, бұл ескерткіш екі ел арасындағы көпірді онан әрі нығайта түспек.