Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік оқушылар зағип жандардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беретін құрылғы құрастырды

Шымкенттік оқушылар зағип жандардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беретін құрылғы құрастырды. Электронды білезік - ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың аяғына тағылады. Сол арқылы ол, айналасындағы артық заттарды діріл арқылы сезінеді,- дейді өнертапқыштар. Жаңа құрылғыны алғаш болып қала тұрғыны - Ақжүніс Тайтериева қолданып көруде. Оның оң жақ көзінде ісік пайда болған. Екінші жанарын сақтап қалу үшін 5 жасында ота жасап, көз алмасын алып тастаған. Ал 9 сынып оқып жүргенде сол көзіне ауырлық түсіп, көру қабілетінен айырылған. Оқушылар жасап шыққан көмекші құралды сынақтан өткізіп жүрген жанның айтуынша, құрылғы әр түзетуден өткен сайын ыңғайлылығы артып келеді.

Ақжүніс ТАЙТЕРИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Салмағы жеңіл әрі ыңғайлы. Таяқпен жүрген ыңғайсыз, дегенменде амал жоқ жүреміз. Ал негізі мынандай осындай құрылғы заттар керек деп ойлаймын негізі. Жүруге де ыңғайлы.Сезуге, көшеде емін-еркін жүріп тұруға керек нәрсе ғой.

Жоба авторлары бұл білезікті жасауға әлеуметтік желідегі көру қабілеті төмен блогер бала ықпал еткенін айтады. Ерекше жоба республикалық байқауда 1 600 қатысушының ішінде үздік тоғыздыққа енген. Аяққа тағылатын құрылғы электронды білезік 1 метр арақашықтықтағы нысанды сезіп, иесіне діріл арқылы белгі береді.

Рахат ӨМІРБЕК, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Бұл браслет осы ультразвуковой датчиктердің арқасында.1 метр қашықтықта пайда болған объектілерді, заттарды көре алады және сол арқылы өзінің қолданушысына вибрация арқылы яғни діріл арқылы оны хабарлап береді. Ал астындағы ультра дыбыстар болса балпалдақтардың бар немесе жоқтығы жайлы ескертеді. Бұл құрылғының ішкі құрылысы ардуинамен жасалынған.