Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің 22-ші отырысына қатысты. Тараптар өңірлік дамудың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады. Жалпы, аймақішілік сауда 20 жылдан астам уақыт ішінде 100 есе өскен. Премьер-Министр өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесін арттыруды және «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынды. Отырыс соңында делегация басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды.