Русский Сайттың толық нұсқасы

AMANAT-та мектептердің құрылысы талқыланды

«AMANAT» Партиялық бақылау комитетінің отырысында мектептер құрылысы талқыланды. Биыл орын тапшылығын шешу үшін 137 мың балаға арналған 165 мектеп ашу жоспарланған. Оған 164 миллиард теңге бөлінді. Бірақ 7 айдың ішінде тек 78 мың оқушыға 77 оқу ошағы пайдалануға берілді. Енді алдағы 4 жылдың ішінде 1,2 миллион бүлдіршінге арналған оқу орны ашылуы тиіс. Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында осындай міндет қойылып отыр.

Сергей ПОНОМАРЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қалалардың көз ілеспес жылдамдықпен өсуі мектеп тапшылығы мәселесін үдетіп отыр. Жағдай ушығып тұр, Алматыда бірде-бір мектеп жөнделмеген. Көптеген тұрғын үй кешені бей-берекет, бақылаусыз салынып жатыр. Ал сол кезде емханалар, балабақшалар, мектептер жетіспейді. Құрылыс жүргізетіндер тұрғын үй кешенін салатын болса, онда әлеуметтік инфрақұрылымды да қоса тұрғызуы тиіс. Біз құрылыс компанияларын осыған тартуымыз керек.