Русский Сайттың толық нұсқасы

"Елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алады",- дәрігер

29 қазан - дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні. Осыған орай Астанада “NeuroDamu” орталығы инсультке қарсы акция ұйымдастырды. Онда дәрігерлер мен еріктілер халыққа инсульттен сақтану мен инсульт алғаннан соң қайта оңалу жөнінде консультация жүргізді. Ақ халаттылардың айтуынша, еліміздегі өлім-жітім себептерінің үштігіне инсульт кіреді. Мәселен, жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алады. Оның 60 пайызға жуығы мүгедек болып қалады. Шамамен 70 пайызы көмекке мұқтаж. Науқастардың 10 пайызы ғана қалыпты өмірге, жұмысқа орала алады дейді мамандар.

Ерасыл ЖАНЫБЕКОВ, ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ-РЕЗИДЕНТ НЕВРОЛОГ:

Бірден айтып келмейтін ауру. Яғни бұл аурудың алдын алу үшін біз міндетті түрде оның осыған дейінгі біздің тексерулерден өту керек. Сонымен қатар мемлекетімізде әртүрлі скрингктік бағдарламалар артериялық қан қысымы, артериялық гипертания бойынша скрингктік бағдарламалар жүргізіліп жатыр. Осы инсульт дертіне шалдыққан науқастарға міндетті түрде көмек көрсетіледі. Яғни, осы инсульттің түріне байланысты. Сондықтан да тез болмаса да, бірнеше уақыт өткеннен кейін бұл дерттен айығуға болады.