Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ауырған бұзауды сойған". Сібір жарасынан қайтыс болған қарағандылық тұрғын мырыш табытта жерленеді

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2023
  • 827

Қарағандыда сібір жарасын жұқтырған 75 жастағы Топар елдімекенінің тұрғыны қайтыс болды. Үш күн бұрын ауруханаға жеткізілген оның жағдайы ауырлай берген. Ал бүгін онымен бірге түскен тағы бір науқас күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Санитарлық нормаларға сәйкес, бұл дерттен өлген адам мырыш табытта жерленеді. Денені тасымалдау мен жерлеу рәсімінде де қауіпсіздік ережелері сақталмақ. Үш күн бұрын Топарда карантин жарияланған. Ауылға кіреберісте көліктерді химиялық заттармен өңдейтін санитарлық бекет қойылды. Одан ет сүт өнімдері өтпейді.

Еске салайық, 24 қазанда Топар кентінің үш тұрғыны ауруханаға түскен. Бәрінде күйдіргі диагнозы расталды. Олар үйінде ауырған бұзауды сойған екен. Үйдің үлкені бүгінге қараған түні жан тапсырды. Олар дер кезінде дәрігерге көрінбей уақыт өткізіп алыпты. Енді тағы бір науқастың жағдайы күрт нашарлап кетіпті.

"62 жастағы пациент сібір жарасының қатты ауруымен, терісі қабыну синдромының күшеюі, ісіну, көлемінің ұлғаюына байланысты әрі қарай жеке динамикалық бақылау және реанимация интенсив емдеу үшін қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.