Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2023
  • 716

Мемлекет басшысы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрттен кеншілердің қаза табуына байланысты Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.