Русский Сайттың толық нұсқасы

Зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін арнайы дәрігерлер тобы аттанды

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2023
  • 948

Зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін Астанадан арнайы дәрігерлер тобы аттанды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Қарағандыға жөнелтілген дәрігерлер тобының құрамында токсиколог, травматолог-ортопед және нейрохирург бар.

Зардап шеккен кеншілердің өміріне араша түсіп, денсаулығын сақтау үшін саланың үздік мамандары жұмылдырылған. Жоғары дәрежелі дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын.