Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының барлық шахтасында жұмыс тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Костенко атындағы шахтадағы апатқа байланысты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының барлық шахтасында жұмыс тоқтатылды. Сегіз шахтадағы жұмыстың тоқтатылғаны туралы ақпаратты компанияның баспасөз қызметі өкілдері растады.
"Барлық шахтада жұмыс бір күнге тоқтатылды", - деп хабарлады компания өкілдері.