Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспий суының тартылуы мен итбалықтың қырылу себебін зерттейтін институт ашылады

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2023
  • 1003

Су ресурстары және ирригация министрлігі Каспий суының тартылуы мен итбалықтың қырылу себебін зерттейтін институт туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Министрліктің баспасөз қызметі құжат әлі Үкіметтің қарауында жатқанын айтады.

«Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті қаулының жобасын әзірледі. Институт Каспий теңізінің экологиялық және су деңгейінің төмендеу мәселесін, итбалық пен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау, ихтиофаунаны, акваториясы мен Каспий жағалауын зерттейтін болады. Сондай-ақ Каспий бойынша шекаралас мемлекеттердегі әріптестермен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында да жұмыс жүргізеді» делінген ведомствоның ресми ақпаратында.

Министрлік мәліметінде институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық бағыттары бойынша объективті және тәуелсіз ақпарат жинақтайтыны айтылған. Бұл деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді іс-шаралар қабылдауы үшін негіз болмақ.

«Мемлекет басшысы кешенді іс-шаралар қабылдау үшін Маңғыстау облысында Каспийді зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырды. Институт ашу - мәселені жан-жақты зерделеуге, ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді», - дейді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.