Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолдауымен «ASTANA TV» телеарнасы «ЖЕТЕККЕ ЕРГЕН ЖЕНДЕТ» атты деректі фильм түсірді.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келіп, зиярат еткен қауымның қарасы қалың. Бірақ осы амалды «ширк» санайтын шатақ топ әулие-әмбелер жатқан орынды жармақ болады. Халықаралық террористік топтардың уағызын тыңдап, түзу жолдан тайғандар Қазақстанға келген.
Сырт көзге сыр алдырмаған содыр әуелі кесене жанындағы бейнебақылау камераларын санап шығады. Төңіректе жүрген адамдарды ұялы телефонға түсіреді. Жарылғыш затты жасыратын ыңғайлы орын іздейді.
Дәл осы экстремистік идеологияны бойына сіңіргендер 2017 жылы Сан-Петербург метросында жарылыс жасаған. Ол кезде 16 адам қаза тапты. Жүзге жуық жолаушы жарақат алды.
Дегендері болмады. Күдікті арнайы операция кезінде қолған түсті. Толығырақ деректі фильмнен тамашалай аласыздар.