Русский Сайттың толық нұсқасы

Интимдік қызмет көрсеткен 18-36 жасқа дейінгі 21 азаматша анықталған

«Қорғас» шекара маңындағы сауықтыру орталығы мен қонақ үйде притондар мен заңсыз казинолар ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. Олар қызметтерді тек шетелдік меймандарға ұсынған. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен операциясы кезінде интимдік қызмет көрсеткен 18 бен 36 жасқа дейінгі 21 азаматша анықталған. Оның 6-ауы- өзге елдікі. Күдіктілер жас қыздарды алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартқан дейді полиция қызметкерлері. Қазір ұйымның бес негізгі фигуранты -3 қазақстандық екі шетелдік азамат қамауға алынған.

Қуандық АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жетісу облысының полиция департаментімен жүргізіледі.