Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда 20 көпқабатты үй тұрғындары жылуға жарымай отыр

Екібастұзда 20 көпқабатты үйдің тұрғындары жылуға жарымай отыр. Айтуынша, пәтерлер күннен күнге салқындап барады. Ал жылу батереялары ысымайтын болған. Мамандар бұған жылу желілеріндегі айналымның әлсіз болуы себеп дейді. Өйткені, көп қабатты үйлерде жылу параметрлері қалыпты болғанмен, қысым мүлдем жоқ. Қазір жылу электр орталығында 10 қазандықтың төртеуі жұмыс істеп тұр. Екеуі резервке қойылған. Қалған 4 қазандық кестеге сәйкес жөнделіп жатыр.