Елордада «Brain Rain» республикалық интеллектуалдық сайысының финалдық кезеңі өтті. Еліміздегі «Білім-Инновация» лицейлерінен жасақталған 18 команда ішінен үздік алтауы ақтық сынға жолдама алған. Әр команда құрамы 6 ата-анадан тұрады. Олар түрлі дәрежедегі 25 сұраққа жауап берді. Білім бәсекесінің жалпы жүлде қоры – 600 мың теңге. Сыннан сүрінбегендер ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Арафат НҰРЛАҚОВ, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
«Brain Rain» интелектуалдық сайысы оқушылардың арасында да өтіп жатады. Бірақ бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – бұның ата-аналар арасында өткізілуі. Өйткені мектеп пен ата-ананың тығыз байланыста болуы өте маңызды. Оқушы үшін де өте маңызды. Сондықтан бұл жерде 6 команда келеді Астана, Павлодар, Қарағанды, Атырау қалаларынан.