Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде асық атудан ересектер арасында Қазақстан кубогі өтіп жатыр

Ақтөбеде бүгін Асық атудан ересектер арасында Қазақстан кубогі басталды. Бұл додаға еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынауда. Жігіттер «Асық атудан» жарысса, әйелдер бес асық ойынын ойнап өзара мықтыны анықтады. Бұл ұлттық спорт түрі елімізде 2011 жылдан бері қарқынды дамып келе жатыр. Он алты облыста арнайы асық ату федерациясы бар. Елімізде 78 мыңнан астам адам спорттың осы түрімен кәсіби тұрғыда айналысады. Олар халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып жүр. Асық - Юнесконың мәдени мұра ретінде қорғауына енген спорттық ойын.

Жомарт САБЫРЖАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АСЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Бір ойынды он бес минут ойнағанда өзіңіз көріп отырсыздар шеңбер дейді асық атуда 13 км дейін жүреді екен. Ана сақасын алып келеді. Еңкейеді. Тұрады. Физикалық нагрузка. Бұрыңғы ойын ережелері сол күйі қалды. Біз 2017 жылы ЮНЕСКОның материалдық емес мәдени мұра ретінде қорғауына кіргіздік.

Нұрқанат МОЛЖІГІТОВ, ШЫМКЕНТ АСЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Моториканы дамытады, ептілікке, көз жанарына өте пайдалы. Ойнап жүрген бес асық ойнап жүрген азамат. Азаматшалардың көз жанарының көруі жақсарады.