Русский Сайттың толық нұсқасы

"Құлағымды екі қабат орамал жауып тұрады". Мөлдір Әуелбекова сахнадағы ыңғайсыз жағдайды түсіндірді

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2023
  • 1080

Әнші Мөлдір Әуелбекова сахнада ән айтып тұрған кезде ыңғайсыз жағдайға тап болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына видео жариялады. 

"Ән қайда? Мен қайда? Сөзін ұмытып қалдым. Әнімді халқым өзі айтып шықты. Күшті концерт болды. Мен декреттік демалыстан кейін ресми түрде үлкен сахналарға енді шығып жатырмын. Әндерімнің сөзін ұмытып қалғам. Бір еркелігімді халқым 20 жылда бір көтеретін шығар. Ән айтқанда естімегендіктен, болжап айтамын. Себебі құлағымды екі қабат орамал жауып тұрады", – дейді Мөлдір Әуелбекова.