Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған пәкістандықтар ұсталды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2023
  • 628

Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы көші-қон қызметінің қызметкерлері 30 қазанда өңірдегі ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады.

Олар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабында көзделген қылмысты жасаған. Қалаға келген шетелдіктердің хостелге орналасқаны анықталды.«Қонақтардың» алдағы жоспары мен қылмыстың себебі тергеу барысында белгілі болады.