Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ақорда» резиденциясында Франция Президенті Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2023
  • 566

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.