Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 2023 жылғы 2 қараша мен 4 қарашас аралығында күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, барикалық түзілістердің жылдам ауысуынан республиканың солтүстік жартысында күн райы құбылмалы болады.
"Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді деп болжанды. Ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0+8°С-қа дейін төмендейді",-деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Болжам бойынша, республиканың оңтүстік жартысында кең ауқымды антициклонға байланысты күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
"Ауа температурасы түнде -3+5°C, күндіз +10+17°C-тан +15+20°C-қа дейін шамалы көтеріледі",-деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Сондай-ақ түнде және таңертең республиканың барлық аумағында тұман түседі.