Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболшы Неймар жарақатына байланысты он ай алаңға шықпайды

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2023
  • 776

Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы Уругвайға қарсы матчта ауыр жарақат алып қалып, ота жасатуға мәжбір. Енді ойыншы он айға жуық ойнамайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әл-Хилал" командасының жаңа ойыншысы Неймар 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өткен Уругвайға қарсы матчта жарақат алып қалған еді. Футболшының клубы отаны Париж қаласында жасағанда жөн көргенімен, ойыншы Бразилияға барып емделмекші. Неймар Бразилия ұлттық құрамасының дәрігеріне жеке көрінгісі келетінін алға тартты. Шабуылшы ота жасалғаннан кейін кемі он ай алаңға шыға алмайды.