Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жағдай күрделі": Министрлік қызылша ауруының тез таралуының себебін түсіндірді

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2023
  • 699

Қазақстанда қызылша ауруы қарқынды таралып жатыр. Әсіресе екі ірі қала мен екі облыста жағдай күрделі. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, биыл қызылшамен ауырғандар саны 11 мыңнан асып кеткен.

"Жалпы, сыртқанттанған адамдардың 83 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың басым бөлігі, яғни 85 пайызы екпе алмаған. Сондықтан екпені нығайту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мәселен, жақында ғана Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмамағамбетова балаларға қосымша екпе жүргізу туралы айтқан. Бұл ретте, 6-11 айлық сәбилер мен 2-5 жас аралығындағы балаларға екпе салынады", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Бірінші вице-министр қызылша ауруының таралуы Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент пен Алматы қалаларында айтарлықтай өсіп кеткенін айтты. Аталған ірі қалаларда қазір жағдай күрделі.

"Қызылша ауруының таралуы барша әлемде байқалып отыр. Негізгі себептердің бірі - коронавирусқа қарсы іс-шаралар кезінде вакцинацияның жүргізілмеуі. Еліміздің аталған өңірлерінде халық тығыз орналасқан және сәйкесінше бала туу көрсеткіші де жоғары. Тұрғындар санының көп болуына байланысты ондағы ауруды жұқтырғандар санының артқанын байқауға болады", - деді вице-министр.