Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордаға бірқатар мемлекет басшылары келді

Ертең Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммиті өтеді. Мерейтойлық жиын қонақтары біртіндеп келіп жатыр. Алдымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мінген ұшақ келді. Сондай-ақ, елордаға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған табан тіреді. Мәртебелі меймандарды әуежайда Премьер-Министр Әлихан Смайылов күтіп алды. Айта кетейік, түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады деп жоспарланған.