Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанаға Гурбангулы Бердімұхамедов келді

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2023
  • 594

Астанаға түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы – Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін мәртебелі мейман бақылаушы елдің өкілі ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

Түрікменстан, Қазақстан, Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті

Әуежайда Гурбангулы Бердімұхамедовті ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан басшылары келген еді.