Қарағанды облысының Саран қаласында 10 нан астам көпқабатты үй жылусыз отыр. Тұрғындардың айтуынша, қаншама үйге бір ғана қазандықтың шамасы жетпейді. Салдарынан жұрт аяз түспей жатып пәтерлеріне жылытқыш қосуға мәжбүр. Ал 12 жыл бойы салынып жатқан орталық қазандық әлі іске қосылмай тұр.
Галина Юркевичтің немере қызы суық тиіп ауырып жатыр. Пәтер суық. Жылытқыш қосқанмен үш бөлмелі пәтерді жылыта алмайды. Батарейлар мұздай. Амалы таусылған қария енді аяз түссе пеш жақпақшы.
Галина ЮРКЕВИЧ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Батарейларды ұстап көрсеңіздер сұп- суық. Әсіресе балалар мен қарттарға қиын, бәріміз ауырып жүрміз. Әлі аяз түскен жоқ, ал күн суытса жағдайымыз не болады? Тіпті болмаса пеш жағайын деп отырмын, басқа шара жоқ.
Шахтер көшесіндегі 10-нан астам көпқабатты үйде қазір жағдай осындай. Күн жылы, аяқ жоқ. Алайда қаншама үй бір ғана ескі қазандыққа қосылғандықтан жылу жүйесінің пәтерлерді толық жылытуға шамасы жетпейді,- дейді тұрғындар. Ал орталық қазандықтың құрылысы 12 жылдан бері аяқталмай отыр.
Любовь АЗАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жылу жоқ. Үлкен орталық қазандықты жылда қосамыз, қосамыз дейді, әлі жұмыс істемейді. Осы маңайда 14 үйді бір ескі қазандыққа қосып қойған. Оның күші қайдан жетсін.Жазбаған жеріміз жоқ, жылда осы.
Ескі қазандық дәл үйлердің алдында тұр. Жыл сайын қожайыны ауысатын жылу көзін екі апта бұрын «Саран Оның қожайыны мен жергілікті шенеуніктердің айтуынша, мәселе пеште емес, үйлердің жылу жүйесінде. Құбырлар бітелуі мүмкін. Әйтпесе бір емес екі пеш жұмыс істеп тұр,- дейді.
Асылбек ТӨКЕНОВ, «САРАНТЕПЛОСЕРВИС» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
«Қазір қиындығы неде болып тұрғанын білмедік. Үйге беріп тұрмыз, прибор, оборудованиялар, градусниктар бәрі тұр. Бізден подачадан 52 градус шығып жатыр. Үйге неге жетпей жатыр, подвалда разводкалар дұрыс емес пе? Сол жағын анықтап жатырмыз».
Серіктестік кешікпей үшінші қазандықты іске қосуды жоспарлап отыр. Сол кезде жылу жақсаруы мүмкін. Ал Сарандағы орталық үлкен қазандық болса белгісіз себептермен іске қосылмай қалған, сондықтан келесі жылы пайдаға берілмек. Ол кезде қаладағы 100- ден астам көпқабатты үйдің жылу проблемасы шешіледі,- дейді шенеуніктер.