Русский Сайттың толық нұсқасы

Әуеде парашютпен қалықтап жүріп, домбырамен күй шертті

Әуеде парашютпен қалықтап жүріп, домбырамен күй шерткен қазақ қызының әлеуметтік желіде тараған видеосы көпшілікті сүйсінтті. Айдана есімді желі қолданушы мұны Түркияда түсірген. Видеоның қаралымы да, онда жазылған пікірлер де көп. Барлығы қаршадай қыздың ерлігіне сүйсініп, ұлттық өнерді дәріптегеніне ризашылығын білдірген. Тіпті шетелдіктер де таңданысын жасыра алмапты.