Русский Сайттың толық нұсқасы

Ғалымдар жер сілкінісін болжайтын ғарыш аппаратын әзірлеп жатыр

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2023
  • 859

Отандық ғалымдар жер сілкінісін алдын-ала болжайтын наноспутник әзірлеп жатыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Салмағы 10 келіге жуық ғарыш аппараты Қазақстанның аумағын бір күнде 3 рет айналып, жер қабатындағы өзгерістерді тіркейді. Барлық деректер автоматты түрде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы зерттеу орталығына келіп түседі. Ғалымдар наноспутникті екі жылда толық дайындап, ғарыш айлағына ұшырамыз деп отыр.

 "Ол наноспутниктердің басты қызметі - жердің литосфера деген қабаты бар, қатты қабаты мен ионосфера қабаты арасындағы байланыстарды зерттеу. Литосфера мен ионосфераның байланысын зерттеу арқылы жерде болып жатқан құбылыстарды алдын - ала болжауымызға болады. Мысалы жер сілкінуінің алдын алу. Болашақ наноспутниктерді ғарышқа ұшырсақ, дер кезінде жер сілкінудің алдын алуға мүмкіндік алуымыз мүмкін",- Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ жанындағы инжиниринг және жоғарғы технологиялар кластерінің бас директоры Әмірхан Темірбаев.