Русский Сайттың толық нұсқасы

Әкімдердің рейтингі үкіметтік емес ұйымдармен байланысына қарай бағалануы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2016
  • 2468

Әкімдердің рейтингі үкіметтік емес ұйымдармен байланысына қарай бағалануы мүмкін. VII азаматтық форум аясында осындай бастама көтерілді. Өзге де ұсыныстар аз емес. Қоғамдық қор өкілдері үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет тегін немесе жеңілдетілген бағамен жалдамалы алаңдар мен құрал-жабдықтар беру керек деп санайды.

Тіркелген үкіметтік емес ұйымдар саны 18 мыңнан асады. Ал іс жүзінде сегіз жарым мыңы ғана жұмыс істейді. Мұндай мәліметті дін істері және азаматтық қоғам министрі келтірді. Оның ойынша аты бар да, заты жоқ ұйымдарды жабу үдерісін жеңілдету керек. Министр қоғамдық ұйымдарды терроризммен күресте күш біріктіруге шақырды.