Русский Сайттың толық нұсқасы

Иранда есірткіге тәуелді адамдарға арналған орталықтағы өрттен 32 адам мерт болды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2023
  • 1266

Иранның солтүстігіндегі Гилян провинциясында жұма күні болған өрттен 32 адам қаза тауып, 17 тұрғын зардап шекті. 

Гилян губернаторының саясат, қауіпсіздік пен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша орынбасары Мохаммад Джалаидің сөзіне сілтеме жасап агенттік хабарлауынша, өрт Ленгеруд облысындағы есірткіге тәуелді адамдарды оңалтуға арналған орталық ғимаратында таңертең тұтанған.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің төртеуіне интубация қажет болған, басқаларының жағдайы қалыпты. Сондай-ақ шенеунік орталық 40 науқасқа арналғанын атап өтті.

"Иран сот билігінің басшысы Голамхоссейн Мохсени-Эджеи оқиғаны жан-жақты тергеуді тапсырды", - делінген Тасним жартылай ресми ақпарат агенттігінің хабарламасында.

Өрттің себебі мұқият тексеру жүргізілгеннен кейін жарияланады, деп жазды агенттік Гилян провинциясы Әділет департаментінің басшысы Эсмаил Садеки-Ниаракидің мәлімдемесін.

"Қазіргі уақытта қажет сот бұйрығының бәрі берілді, оңалту орталығы басшылығы бақылауға алынса, директоры қамалды", - деп атап өтті Э. Садеки-Ниараки.

Сондай-ақ ол зардап шеккендердің бәрі ауруханаға жеткізілгенін айтты.