Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай көмегі үшін үлес сұрауы мүмкін...

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2016
  • 1632

Дағдарыстан шығу жолындағы көмегі үшін Қытай Қарашығанақ кенішінен үлес сұрауы мүмкін.

«365 инфо» порталында жарияланған материалда Халықаралық валюта қорының өткен жылды Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның нашар көрсеткіштермен аяқтағаны туралы мәліметтерін келтіріп, мұнайдың арзандауынан, ішкі сұраныстың әлсіздігінен, сыртқы сауданың төмендеуінен биыл кәдімгідей тапшылық болуы мүмкін,-дейді.Былтыр өсім бар-жоғы 1,5 пайызды құрады. Портал америкалық Energy Global журналына сілтеме жасайды: «бұл жағдайда Қытаймен ынтымақтастық – суға кетірмейтін құтқарушы таяқ, алайда оның өтемі болады».

Орталық Азиядағы ірі экономика санкциялар құрсауындағы Ресейден де, экономикасы саябырсыған Қытайдан да тәуелді – деген. 

Дүнижүзілік банк те еліміздің экономикасының нашарлауы мұнай бағасының түсуі мен Ресейдегі экономикалық дағдарыстың кесірінен екенін келтірген. 

2013 жылы қазақстан-қытай сауда айналымы 28 млрд доллар болса, бір жыл өтер-өтпестен 21 пайызға құлдыраған.

Әйтсе де Қытай Қазақстанға салатын инвестиця көлемін шорт кесіп тастаған жоқ. Осы уақытқа дейін 17 млрд доллар құйған олар, мысалы, авто және теміржолдар салуға ниетті. Сонда елімізге «21 млрд доллар инвестициялар салдық» дейтін АҚШ –пен бәсекеге түседі. Осындай көмегі үшін Қытай әрине, «түйе де, бие де» сұрайтыны анық. Мәселен, Қарашығанақ кенішінен үлес,- деп қорытылған мақала.

Қарашығанақ кенішін әр түрлі үлеспен BG Group,Eni, Chevron, ЛУКОЙЛ және «ҚазМұнайГаз»басқарады. Онда еліміздегі газдың 45 пайызы өндіріледі.Бір айта кететіні, британдық газ алыбы - BG Group мұнай-газ компаниясы Royal Dutch Shell-мен біріккен. Қазір компанияны Shell деп атайды.