Бүгін ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
"Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап. 5 қарашада Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында күндіз күші 15-20 м/с. Ақтөбе облысының солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында және Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Ккүші — 15-20 м/с. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді Абай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында — тұман, көктайғақ. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың орталығында жылдамдығы — 15-20 м/с. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың орталығында жел екпіні — 15-20 м/с.