Русский Сайттың толық нұсқасы

Андрей Карпович «Ақтөбе» бас бапкері қызметінен кетті

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2023
  • 796

Қазақстандық маман Андрей Карпович «Ақтөбе» бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Kazinform.

Андрей Карпович ақтөбелік клубтың тізгінін 2022 жылдан бері ұстады.

Былтыр команда ел біріншілігінде екінші орын алса, биыл үздік үштікті түйіндеді.

Әлеуметтік желідегі жазбасында ол өзіне сенім артқан облыс әкімдігіне, клуб басшылары мен жергілікті жанкүйерлерге ризашылығын білдірген.

Одан бұрын ол «Қайратта» бас бапкердің міндетін атқарушы, «Оқжетпес» пен «Қызылжарда» бас бапкер болды.

Сондай-ақ, 2022 жылы ел құрамасының Молдоваға қарсы екі ойынында бас бапкер міндетін атқарды.

Андрей Карпович футболшылық мансабында 1998-2016 жылдар аралығында еліміздің бірқатар клубтары мен Ресейдің «Ростов», «Динамо» командаларының жейдесін киді.