Русский Сайттың толық нұсқасы

Бейбіт Жұқаев 18 эйс жасап, АҚШ-тағы жарыстың финалына шықты

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2023
  • 1217

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ақтау теннис мектебінің түлегі жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 254-орында тұрған америкалық Патрик Кипсонмен шеберлік байқасты. Жукаев матч басталысымен-ақ бірден брейк жасап, 2:0 есебімен алға кетті. Сол басымдықты уысынан шығарған жоқ – 6:4. Екінші сетте Бейбіт тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4). Бейбіт соңғы бәсекеде қос америкалық, әлемнің 376-ракеткасы Айдан Mayo немесе рейтингте 458-сатыдағы Итан Куиннің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.