Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды ​​облысындағы "Қазақмыстың" шахтасында кенші қаза тапты

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2023
  • 441

5 қарашада Қарағанды ​​облысындағы Шығыс Жезқазған кенішінің шахталарының бірінде қайғылы жағдай болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақмыс" компаниясы баспасөз қызметінің 6 қарашадағы мәліметінше, қайғылы жайт №57 шахтада болған. 1984 жылы туған тау-кен шебері жұмысты орындау кезінде ауыр жарақат алып қайтыс болған.

Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.