Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жаңбыр жауса, көшеміз көл болады", - тұрғын

Құрылыс десе қанымыз басымызға көтерілетін болды. Қарапайым дүниелердің ескерусіз қалатыны таңғалдырады. Мәселен жол салынар алдында жер астындағы құбырлар тексерілу қажет екені бесенеден белгілі емес пе? Бірақ бізде асфальт төселіп, ертесіне қазып жататын жағдайлар көп. Ақтөбеліктер дәл осындай салғырттықтың салдарынан балшық кешіп отыр. Тұрғындардың мұңын тілшіміз тыңдады.

Қиыршық тас төселген Тайқазан көшесі тамыз айында көп қабатты үйлерге кәріз жүйесі жүргізілетін болып, қазылды. Жаяу жүргінші түгілі көліктің өзі батып, әрең жүруде.

Гүлжан ШАҒАЛИНА, ТҰРҒЫН:

Ертең көктемде мұның бәрі ойылып, су, саз балшық біздің Ақбұлақ суымызға қарай кетеді. Батпақтан жүре алмаймыз. Мектепке оқушыларды апара алмаймыз. Мынау қайта жаңбыр жоқ. Жаңбыр жауса мына жер көлшік болады. Соның бәрін қалпына келтіріп берсін.
Мұналбек ЖАЗЫҚОВ, ТҰРҒЫН:
Осы жерге бүкіл көше болып бәленбай ақшадан жинап бәріміз щебень салдық. Сол щебень астында қалды. Қайтадан қазып аударып істегенде кішкенай жаңбыр жауса осы жер балшық болады. Бізге осы балшықтың үстіне шебень салып жолды дұрыстап берсе болды.
Шенеуліктер тұрғын үй кешеніне инженерлік желіні тартқан құрылыс компаниясының барлық рұқсат қағаздары бар екенін айтып отыр. Тіпті бұл компанияға техникалық құжатама да осы көшелерді қалпына келтіру міндеттелген екен.

Мирас ӘЖІБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ «АСТАНА» АУДАНЫ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазірігі таңда тұрғындардан тағы да шағым түсіп жатыр. Салып кеткен жерлерде қайтадан түсіп жатыр деп, осадок беріп жатыр деп.Құрылыс компаниясына тапсырма берілді. Осы жақын арада екінші қайтара қиыршық тас төсіп, алдағы келе жатқан қысқа дейін аязға дейін барлығын төсеп, жолын дұрыстап берсін деген.
Алдағы уақытта Оңтүстік батыс ауданы көшелеріне тас жол толықтай төселетін болады. Әзірге халықтың күтуден басқа амалы жоқ.