Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2023
  • 826

Алматы облысында полиция қызметкері өзіне-өзі қол салды. Жаға ұстатарлық оқиға Балқаш ауданында болды. 31 жастағы тәртіп сақшысының мәйіті пәтерінен табылды. Кейбір деректерге сүйенсек ер азамат жүрегіне қайшы қадаған. Алдын ала белгілі болғаны марқұмның отбасында жанжал жиі болатын көрінеді. Қазіргі таңда сараптамалар жүргізіліп, іс «суицидке жеткізу» бабы бойынша тіркелді.

Ернар САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша дереу тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.