Қазақстандық жүк көліктері Беларусь, Латвия және Литва шекарасында тұрып қалды. Сыртқы істер министрлігі аталған жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.
«Біздің елшіліктер, Көлік министрлігі және Беларусь, Латвия және Литва билігімен мәселені шешуді пысықтап жатырмыз. Жүк көліктерінің тұрып қалатыны болжанған», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
СІМ мәліметіне сәйкес 700-ге жуық қазақстандық жүк көліктерінің жүргізушілері шекарада 7-8 күн бойы кезекте тұр.
Оның айтуынша, бейінді ведомстволар қолдан келгеннің бәрін жасайды.