Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің екі өңірінде телефон лаңкесі ұсталды

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2023
  • 663

Полиция қызметкерлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген күдіктілерді ізін суытпай ұстады. Бірі Қызылорда облысында, екіншісі Павлодар облысында анықталды.

5 қараша кешкі уақытта Қызылорда облысы полиция департаментінің 102 пультіне ұялы телефоннан белгісіз адам қоңырау шалып, үйлер арасында жарылғыш зат жасырылғанын хабарлады. Оқиға орнына арнаулы және құқық қорғау органдарының мамандары жұмылдырылды. Техниктер мен кинолог мамандар жүргізген тексеру кезінде жарылғыш заттың жоқ екендігі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер 39 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, ер адам анасымен жанжалдасып, анасы үйінен кетіп қалған. Оны қайтару үшін күдікті мас күйде полицияға қоңырау шалып, бомба туралы жалған хабар берген.

Павлодар облысында да осыған ұқсас жағдай болды.